×

Есірткі өндіру және сату бойынша қай қалалар көш бастап тұр

ҰҚК қалаларды атады

Есірткі өндіру және сату бойынша қай қалалар көш бастап тұр
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті жыл басынан бері қанша есірткі тасымалы арналары, есірткі зертханалары мен синтетикалық өнімдер өндірісі жойылғанын хабарлады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сай, есірткіге қарсы 47, оның ішінде Ресей, Қырғызстан және Австралияның құзыретті органдарымен бірлескен операциялар жүргізілді.

Есірткі тасымалының 8 халықаралық және 14 өңірлік арналары жойылды.

Атап айтқанда, Ауғанстаннан Қазақстанға контрабандалық жолмен 5 кг героин және 48 кг метамфетамин жеткізуді ұйымдастырған шетелдік азамат ұсталды.

Ауған опиаттарын есірткі трафиктерін қалыптастыру елдерінен Қазақстанға контрабандалық жолмен тасымалдауға қатысы бар есірткі тобы әрекетінің жолы кесілді. 1 кг героин, 2 кг апиын және 14 кг гашиш тәркіленді.ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

 

Каспий су айдыны арқылы Ираннан Қазақстанға опиаттарды жеткізудің тұрақты арнасы жойылды. Жылдам қайықтарды пайдаланып, контрабандалық жолмен 30 кг апиын және 100 метадон таблеткаларын жеткізген төрт шетелдік ұсталды.

А.ж. бірінші тоқсанының өзінде 8 ауқымды есірткі зертханасы жойылды. Заңсыз айналымнан 73 кг «мефедрон» және 223 кг «α-PVP» психотроптық заты алынды.

Егер бұрын синтетика өндірісі Алматы және солтүстік облыстарға тән болса, бүгінде олардың орналасуы біртіндеп басқа аймақтарға таралуда.

 

Мысалы, Түркістан облысында көрші елдердің есірткі нарығына жеткізуге арналған психотроптық заттардың шетелдіктер ұйымдастырған ауқымды өндірісінің әрекеті тоқтатылды.ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

 

Сондай-ақ, Шымкент қаласы мен Жамбыл облысында өз өнімдерімен ішкі есірткі нарығын қамтамасыз етіп келген ірі есірткі зертханалары табылды.

Аталмыш «дизайнерлік есірткілерді» өндіру алаңдарының орналасуы мен сатылуы бойынша еліміздің мегаполистері әлі күнге дейін алдыңғы қатарда екенін айтып өту керек.

Жыл басынан бері есірткі құрылымдарының 67 қатысушысы ұсталды. Заңсыз айналымнан 483,2 кг психотроптық заттар, 11 кг героин, 32,8 кг апиын, 63,7 кг гашиш, 41,6 кг марихуана және 17 тоннадан астам көкнәр шикізаты, сондай-ақ 22 тоннадан астам химиялық реагенттер алынды.

ҰҚК есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл бойынша іс-шараларды күшейтілген режимде жалғастыруда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →