×

Талдықорғанда 280 млн теңге пара алған білім бөлімінің бастығы ұсталды

Жетісу облысының білім саласындағы ірі жымқыру ісінде жаңа деректер шықты

Талдықорғанда 280 млн теңге пара алған білім бөлімінің бастығы ұсталды
Видеодан кадр

Жетісу облысының білім саласындағы ірі жымқыру ісінде жаңа деректер шықты. Облыс бойынша антикоррупциялық қызмет Талдықорған қаласы білім бөлімінің басшысына қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz Антикорға сілтеме жасап.

Ол білім бөлімінде бюджет қаражатын ұрлау фактілерін жасырғаны үшін қарамағындағылардан 280 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Өз кезегінде пара берген адамдар бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау туралы іс бойынша негізгі айыпталушы саналады және соттың санкциясымен қамауда отыр.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін айқындай отырып, түпкілікті үкімді сот шығаратын болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →