×

Талдықорғанда жүк көлігі үш жасар баланы қағып кетті

Талдықорғанда жүк көлігі үш жасар баланы қағып кетті
Фото: pixabay.com

Талдықорған қаласында 3 мамыр күні бүлдіршінді жүк көлігі қағы кетті. Салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Көктал шағын ауданында үш жасар баланы ГАЗ-53 жүк көлігі қағып кеткен. Жүк көлігін 43 жастағы ер адам басқарған.

Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайын қалалық полиция қызметкерлері анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Көлік арнайы тұраққа қойылды. Осы ретте, Жетісу облысының полициясы балаларға жауапкершілікпен қарауға шақырды. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →