×

Атышулы damubala сайтының хостингі АҚШ-та тіркелген болып шықты

Атышулы damubala сайтының хостингі АҚШ-та тіркелген болып шықты
Коллаж: qaz365.kz

Қазақстандық damubala сайтына қызмет көрсететін екі хостинг бар болып шықты. Бірі қазақстандық PS, ал екіншісі Claudflare, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі 31 телеарнаға сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметінше, екіншісі АҚШ-тың IP мекенжайы бар United States San Francisco Claudflare Inc шетелдік хостингі екені айтылады. Ал заң бойынша платформаға отандық хостинг қызмет көрсетуі керек.

Егер олай болмаса, ақпарат туралы заңға сәйкес, Қазақстан аумағынан тыс аппараттық-бағдарламалық кешенде интернет ресурсы орналастырмауы керек. Телеарна тілшілері ақпараттық қауіпсіздік комитетінен сұраған.

Сөйтсе, сынақ кезінде хостинг мәселесі қарастырылмағанын айтып, жазбаша хатпен жүгінгеннен кейін damubala платформасының серверлері мен мекенжайлары бойынша сұрақтарға жауап беруге уәде еткен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →