×

Өскемендегі әжетханада студент қызға зорлық көрсеткендер 7 жылға дейін сотталуы мүмкін – заңгер

Қыздың әпкесі Тоғжан Досымова ресми деректерде шындық ашып айтылмай жатқанына қынжылысын білдірді

Өскемендегі әжетханада студент қызға зорлық көрсеткендер 7 жылға дейін сотталуы мүмкін – заңгер

Белгілі заңгер Нұрлан Байғазиев Өскеменде колледж студентін соққыға жыққан қыздардың оқиғасына қатысты құқықтық баға берді, деп хабарлайды Qaz365.kz .

«Алдын-ала тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл қылмыстық іс тіркелген. Аталмыш іс ҚР қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі бойынша қозғалған. Яғни, қылмыс дәлелденсе, 3 жылдан 7 жылға дейін бос бостандығынан айыру немесе шектеу көзделеді. Әлеуметтік желіде жәбіреленуші қыздың әпкесі ақпарат берген. Ол бопсалау болғанын айтты. Бопсалау дегеніміз қылмыстық кодекстің 194-бабымен сараланады», – дейді заңгер «Көреміз ғой» бағдарламасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, егер ұйымдасып, қатігездікпен жасалған болса, онда 194-баптың екінші тармағы бойынша іс қозғалып, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан шектеу немесе айыру жазасы қолданылады.

Алдын-ала мәлімет бойынша, жәбірленшуі Әнелді үш қыз ұрып соққан. Ал өзге құрбыларының біреуі телефонға түсірген, екіншісі күліп мазақ еткен. Заңгер осы ретте жәбірленушініі тек ұрып соққандар ғана жазаланып, қалғандары құтылып кете ме деген сұраққа жауап берді.

«Қылмыстық кодексте 313-бап бар. Яғни қатыгездiк пен күш қолдануға бас ұруды видео түрінде таратып, насихаттау. Соған сәйкес, кінәлі деп танылған азамат 2 жылға дейін бас бостандығынан шектеледі немесе айырылады»,  –  дейді Нұрлан Байғазиев.

Ол осы рет тергеу аяқталып, кінәлілер анықталса, зәбір көрсеткендер қыздар колонияға тоғытыла ма деген сұраққа да жауап бере кетті.

«Колонияға тоғытылуы мүмкін. Әрине, бәрі сот шешіміне байланысты. Біз әзірге қандай шешім шығаратынын білмейміз. Алайда тергеу амалдары қылмыстық процесуалдық кодекстің 24-бабы бойынша жан-жақты зерттелуі тиіс», – дейді заңгер.


Айта кетейік, сәуір айының басында Өскеменде сауда орталықтарының бірінде жасөспірім қыздардың өз қатарластарын ұрып-соққан, тізерлеп отырғызып, шешіндірген видеосы тараған болатын.

Қыздың әпкесі Тоғжан Досымова ресми деректерде шындық ашып айтылмай жатқанына қынжылысын білдірді. Жәбір көрген қыздың әпкесі соттың әділ шешім шығарып, соққыға жыққан қыздардың лайықты жаза алуы тиіс дейді.

Аталған оқиғаға байланысты ҚР қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Тоғжанның айтуынша, қылмыстық жауапкершілікке үш қыз тартылған. Оның екеуі мектепте, біреуі колледже оқиды екен.

Айта кетері, ұрып-соққан оқушының бірінің анасы Өскемен қалалық білім бөлімінде кадр бөлімінің басшысы болып қызмет еткен. Өскемен қалалық білім бөлімі басшысы Сәуле Алагөзова жақында оның қызмет кеткенін мәлім етті. Әкесі Антикорда істейді деген ақпарат та тараған. Бірақ ол жағы расталмады. Кейіннен мәлім болғандай, қыздың әкесі мектептердің бірінде күзетші болып істейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →