×

Досының 6-сыныпта оқитын қарындасын зорламақ болған жігітке қатысты тергеу басталды

Қыз оқиғаның мән-жайын айтып берді

Досының 6-сыныпта оқитын қарындасын зорламақ болған жігітке қатысты тергеу басталды
видеодан кадр

Бүгін әлеуметтік желіде  Жетісу облысы Алакөл ауданы Достық станциясындағы ер адам досының қарындасын зорламақ болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz

23 жастағы жігіт үйленген. Ол досының 6-сынып оқитын қарындасын бірнеше рет зорламаққа әрекеттенген.  Желіде тараған видеодан бірнеше адам ер адамды сұрақтың астына алып жатқанын байқауға болады.
Оқушы қыздан анасы оқиғаның мән-жайы қалай болғанын сұрайды.

«Дәретхананы кілттеп кірген едім. Бір кезде есікті түртіп, ашпақ болды. Қорыққанымнан ашып қалдым. Сол кезде ағамның заттары туралы сұрай бастады. Сосын қолымды қысып, кереуетке жатқызды. Оның күштегенінен әлім кетіп қарсыласа алмадым. Тиісті. «Не істеп жатырсыз, ағама айтып беремін» деп қашып үлгердім. Ол «анаң мен ағаңа айтсаң, қылқындырып өлтіремін», деп қорқытты», – дейді қыз. 

Жас жігіт қыздың айтқаны шын екенін мойындап отыр.

Жетісу облыстық полиция департаменті аталған жайтқа қатысты пікір білдірді.

«Қылмыстық кодекстің 121-бабының 3-1-бөлігінде көзделген «Кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз.  Достық станциясының 23 жастағы тұрғыны күдікті ретінде танылды», – деді Жетісу облыстық полиция департаменті.

Қылмыстық істі тергеу облыстық департаменттің ерекше бақылауына алынды. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес факті бойынша толығырақ ақпарат беру мүмкін емес.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда Республика күніне орай "Дрондар шоуы" өтеді
Бүгін, 15:37

Алматыда Республика күніне орай "Дрондар шоуы" өтеді

Дрондар шоуы 25 қазанда Абай және Астана алаңдарында өтеді
Қазақстанда өндірілмейтін көкөністер мен жемістер қымбаттайды.
Журналист вице-премьерден қызметтегі амбициясы туралы сұрады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →