×

FlyArystan ұшағына найзағай түсті

Әуе кемесі шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды

FlyArystan ұшағына найзағай түсті
kapital.kz

FlyArystan ұшағына найзағай түсіп, әуе кемесі шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«19 мамыр күні сағат 13:05-тегі «Түркістан – Ыстанбұл» бағытындағы КС7425 рейсі ауа райы жағдайына, нақты айтқанда оның алдындағы рейстегі әуе кемесіне жай түсуіне байланысты кешіктіріліп жатыр. Талаптарға сәйкес жай түскеннен кейін әуе кемесіне инспекция жасау қажет», - деп мәлім етті авиакомпаниядан.

Түркістаннан ұшақ 19 мамыр күні, жергілікті уақытпен сағат 17.00-де ұшып шығатыны жоспарланған.

FlyArystan компаниясының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, рейстердің кешіктірілуі мен олардың орындалмауының алдын алу бойынша барлық қажетті шаралар қолға алынып жатыр.

«Алайда, кейде бақылауға жатпайтын жағдайлар болады. Аталған жағдайда рейстің кешіктірілуі авиакомпания кінәсінен орын алған жоқ және оның бақылауынан тыс болды», - деді компаниядан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →