×

Ақтаудағы үш баласын бауыздап өлтірген әке. Қылмыстық іс сотқа жетпеген

Ақтаудағы үш баласын бауыздап өлтірген әке. Қылмыстық іс сотқа жетпеген
фото: ІІМ баспасөз қызметі

Ақтауда үш баласын өлтірген әкеге қатысты қылмыстық істің материалдары әлі сотқа берілген жоқ. 36 жастағы күдікті ер адам уақытша ұстау изоляторында отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Lada.kz порталының жазуынша, бұл туралы Маңғыстау облыстық ІІД хабарлаған.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, үш баланы өлтірді деген 36 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

«Қылмыстық істің материалдары сотқа берілген жоқ. Сотқа дейінгі тергеу деректері жария етуге жатпайды» – деп түсіндірді полиция бөліміндегілер.

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі бұл іс бойынша сот әлі басталмағанын растады. Сондай-ақ, соттың ашық режимде өтетін-өтпейтіні әзірге белгісіз.

Еске салайық, 24 наурызда Ақтаудағы 27-ші ықшам аудандағы №46 үйде жан түршігерлік қылмыс жағдай болған еді. Куәгерлердің айтуынша, ер адам үш баласын пышақтап өлтіріп, пәтерден шықпай қойған. Оқиға орнына келген полицейлер ер адамды ұстады, ал пәтерден зорлықпен өлім белгілері бар 2011, 2014 және 2016 жылы туған балалардың мәйіттері табылды.

Кейін 36 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталған азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Екі және одан да көп кәмелетке толмағандарды өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр. Егер оның кінәсі дәлелденсе, ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені айтылған.

Жақында күдіктінің «Жусан» операциясымен келгені туралы хабар тараған. Бірақ Маңғыстау облысының полиция департаменті ақпаратты жоққа шығарды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →