×

Алматы полициясы Оңтүстік Кореядан келген көліктерді заңсыз тіркеудің жолын кесті

250 көлік әкелінген

Алматы полициясы Оңтүстік Кореядан келген көліктерді заңсыз тіркеудің жолын кесті
AFP 2023 / MARK RALSTON

Алматы полициясы Оңтүстік Кореядан әкелінген көліктерді заңсыз тіркеудің жолын кесті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мәліметінше, бұл тізбекте "Азаматтарға арналған үкімет" АҚ-ға қарасты мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері, сондай-ақ Оңтүстік Кореядан көлік алып келуді жолға қойған К. есімді азамат күдікті деп танылған.

"К. есімді азамат мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен қылмыстық келісімге келіп, Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарын тіркеуге негіз болатын құжаттарға жалған мәлімет енгізгені белгілі болды. Осы заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде күдікті бастапқы мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген алымдар, яғни 340 миллион теңгеден аса сомманы төлеуден жалтарған. Тергеудің осы кезеңінде 250 көліктің осындай қылмыстық тізбекпен алып келініп, тіркелгені анықталды", – деді Алматы қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.

Жанат Нұрғалиев ҚР ҚК-нің 385-бабы ("Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу") бойынша қозғалған қылмыстық істі Алматы қалалық ПД анықтау басқармасында тергеп жатқанын атап өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді
Бүгін, 11:09

Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді

Вранчевтің бұл сөзіне Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова қарсы шықты
Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады
Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →