×

Нұрсұлтан шыңының атауы өзгермеген - Альпинизм федерациясы бар жауапкершілікті БАҚ-қа ысыра салды

Нұрсұлтан шыңы ескі атауына - Алматы шыңы деп өзгертілгені туралы ақпарат пайда болған еді

Нұрсұлтан шыңының атауы өзгермеген - Альпинизм федерациясы бар жауапкершілікті БАҚ-қа ысыра салды
Алматы қаласы Альпинизм федерациясы

Алматы Альпинизм федерациясы Нұрсұлтан шыңы атауы өзгергеніне қатысты ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Осыған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Нұрсұлтан шыңы ескі атауына - Алматы шыңы деп өзгертілгені туралы ақпарат пайда болған еді. Алайда федерация бұл мәлімдемені жоққа шығарды.

"Құрметті достар, биыл 8-9 шілдеде Алматы альпинизм федерациясы Іле Алатауының бір шыңында - қаланың визит картасы Алматы шыңында Альпиниада өткізді, ол Комсомол шыңы (1935-1997 жылдары), Нұрсұлтан шыңы (1997 жылдан қазіргі уақытқа дейін) деп те аталады. Әртүрлі дереккөздерде шың үш атаумен аталады. Бұл ретте Алматы шыңы, мұрағаттық деректерге сәйкес, шыңның тарихи бірінші атауы (1935 жылға дейін).

Федерация құзыретіне географиялық нысандар атауын өзгерту кірмейді. Алайда, федерацияның веб-сайтындағы техникалық қатеге байланысты, деректерді тексермей, бұқаралық ақпарат құралдары шыңның атауы өзгертілгені туралы ақпарат таратты. Салдарынан шатасу пайда болды. Қазіргі уақытта географиялық нысандардың ресми тізіміне сәйкес бұл шың Нұрсұлтан шыңы деп аталады", - деді Альпинизм федерациясы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бишімбаев өз-өзіне екі рет қол салмақ болғанын мәлімдеді
Бүгін, 18:20

Бишімбаев өз-өзіне екі рет қол салмақ болғанын мәлімдеді

Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады
Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады
Судья Айжан Құлбаева Ғазымжановқа тиісті түрде әрекет етуге мәжбүр болатынын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →