×

Жамбыл облысындағы өрт 300 гектар аумаққа тарады

Өртті 270 адам сөндіірп жатыр

Жамбыл облысындағы өрт 300 гектар аумаққа тарады
t.me/qr_tjm

Меркі ауданының Ақтоған ауылынан 20 км жерде «Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» КММ аумағында таулы аймақта орын алған құрғақ шөп өрті әлі де сөндірілуде. Орман шаруашылығының ақпараты бойынша өрттің алдын ала аумағы 300 гектарды құрайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Күрделі рельеф, жетуі қиын жер мен қатты жел өрт сөндіру жұмыстарын қиындатуда. Елді мекендерге қауіп және зардап шеккендер жоқ. ТЖМ тікұшағымен аэровизуалды тексеру жүргізілуде”, – делінген Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сөндіру жұмыстары басталғалы Казавиаорманкүзетінің авиациясы өрт ошақтарына әуеден 13 рет шамамен 19,5 тонна су төкті.

Өртті сөндіруге Қазорманавиакүзетінің, жергілікті атқарушы органдардың және Жамбыл облысы ТЖД күштері мен құралдарынан 270 адам, 36 бірлік техника, авиация жұмылдырылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2022 жылы Грузияға қашқан Қазақстан азаматы ұсталды
Бүгін, 09:57

2022 жылы Грузияға қашқан Қазақстан азаматы ұсталды

Үш жылдан бері күдікті қашып жүрген.
Сериялық ұрының әрекетінен 13 қалатұрғыны зардап шеккен
Пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, бұл тәжірибе басқа өңірлерге де енгізілуі мүмкін
Олар Балиде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →