×

Кентау қаласының экс-әкімі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Сондай-ақ, оның 7 жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салынды

Кентау қаласының экс-әкімі 10 жылға бас бостандығынан айырылды
Түркістан облысы әкімдігі

Кентау қаласының экс-әкімі Рашид Аюповқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Рашид Аюпов Қылмыстық кодекстің 177-бабы (1997 жылғы редакциясы) бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін мерзімінің өтіп кетуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылсын. Рашид Аюпов ҚР ҚК 28-бабының 4-бөлігінде, 312-бабының 5-бөлігінде (1997 жылғы редакциясы) көзделген қылмыстары үшін кінәлі деп танылсын және осы бап бойынша орташа қауіпсіздіктегі мекемеде жазасын өтей отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын», - деп үкім оқыды судья.

Сондай-ақ, оның 7 жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салынды. Бұған қоса, Р. Аюповтан сыбайлас жемқорлық жолымен алған 422 млн 800 мың теңге мемлекет пайдасына өндірілмек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алтын безгегі: Жамбыл облысында заңсыз кен өндірген қылмыстық топ анықталды
Кеше, 09:36

Алтын безгегі: Жамбыл облысында заңсыз кен өндірген қылмыстық топ анықталды

Олардың заңға қайшы әрекеттеріненкелтірілген залал 400 миллион теңгеден асқан
Әлемдік тәжірибеде АЭС-тің құрылысы мен іске қосылуы орта есеппен 10–12 жылға созылады
Оның жалған мекемесінен келген залалдың жалпы сомасы 25 млн теңгеден асқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →