×

«Қазақша сөйлейтін орыстарды қазақтардан артық құрметтейді»: Ресей иммигранттары Қазақстандағы өмірі жайлы не дейді

Қазақстанға қоныс аударған ресейліктер қалай өмір сүріп жатыр

«Қазақша сөйлейтін орыстарды қазақтардан артық құрметтейді»: Ресей иммигранттары Қазақстандағы өмірі жайлы не дейді
видеодан скриншоттар

Ресей мен Украина арасында соғыс басталып, былтыр көрші елде мобилизация басталғалы ресейлік жастар басқа мемлекеттерге көше бастады. Жақын деген Түркия мен Грузияға, Еуропа елдеріне, тіпті мұхит асып АҚШ-қа жеткендер аз емес. Сол орыс жастарының бір бөлігі Қазақстанға да келді. Олардың біразының енді жылы орнын суытқысы жоқ. Әлеуметтік желілерде олар Қазақстанда басталған жаңа өмірі жайлы әсерін жарыса бөлісіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Көшіп келгендердің бірі ерлі-зайыпты Юлия мен Виталий. Қазақстанға Павлодар арқылы келіпті. Павлодарда жергілікті тұрғындар оларға ас-су беріп, қонатын орынжай ұсынған. Ерлі-зайыптылар кейін Алматыға қоныс аударған. Онда да жергілікті тұрғындар келушілерді құшақ жая күтіп алған. Театр ашуға көмектескен.

Ерлі-зайыптылар өнер адамдары. Алматыға келгеннен кейін Медеу ауданында театр ашқан. Жарты жылдан бері олар театрына көрерменді тартып, демеуші іздейді. Спектакльдерін олар тек орысша емес, қазақ тілінде де қойып жүр.

«Біз өзіміз декорация іздейміз. Костюм тігеміз. Спектакльдерді қойып, реквизиттерді жасаймыз. Біз кәсіби біліктілігі жоғары маманбыз. Күйеуім режиссер әрі актер. Мен актрисамын. Біздің театрда шеттен келгендер де, жергілікті азаматтар да бар. Біз қоятын спектакльдер әртүрлі. Біз екі тілде спектакльдерді қойып, дамысақ дейміз. Бірақ ол үшін бізге демеуші керек», – дейді олар.

Виталий мен Юлия ай сайын өздері жалдап отырған нысанның ақысын төлеуге демеуші іздейді.

«Мен Қазақстанға келе жатқанда бұл ел жайлы не білдім? Ештеңе! Тек журналист Дудьқа сұхбат берген Ирина Кайратовна тобының видеосын көрген едім. Ол кезде ИК «Чина» әнін әлі жазып үлгермеген кез. Мен сол сұхбатты көрген кезде «не деген керемет» деп бұл елге тамсанғанмын. Ал біз қазір Алматыдамыз. Осы жерде тұрамыз. Мен қазір Ресейдегі достарыма «демалыс кезінде бәрің осы жаққа келіңдер, бұл жер керемет» деп айтамын. Бірақ ешкім келмеді. Содан таяуда тосынсый болып менің құрбым келді. Біздің театрдың фотосын жіберіп, «мен осындамын» дейді. Құрбым тауға бір қарап, жолға бір қарап, қандай керемет қала деп тамсанып жүр. «Иә, иә» деп қоям. Құрбым Сингапурда болған. Алматыны көгал, тал-тоғайы мол екінші қала деп атайды», – дейді Юлия.

Тик-токта Юлия тікелей эфирге жиі шығады. «Толағай», «Қарлығаш» секілді қазақтың аңыз, ертегілерінен айтып отырады.

Қазақстанға Ресейден келетін иммигранттардың өмірін зерттеп жүрген ресейлік журналист Илья Варламов қазақ қонақжайлығының шекарасы барын ескертеді. Кейбір нәрселер қазақтарды ашуландыруы әбден мүмкін. Журналистің жазуынша, ресейлік иммигранттар жергілікті дәстүр мен ережелерді сақтауы керек. Ол Ресейден келіп, Қазақстанда такси қызметінде жұмыс істеп жүрген жігіттердің бірімен әңгімелескен.

«Қазақстан бәрібір айналып келгенде мұсылман мемлекет. Бұл елдің өз дәстүрі, заңы бар. Ресейдегідей емес. Мұнда келсең, өзіңді мәдениетті әрі тыныш ұста. Дүкенге келіп, сауда жасадың ба, міндетті түрде кетеріңде «көп-көп рақмет» деп айт. «Сәлеметсіз бе, құрметті достар» деген қазақша сөздерді айтудың әрдайым маңызы зор. Мұнда қазақша сөйлейтін орыстарды қазақтардан артық құрметтейді», – дейді такси қызметіндегі жігіт.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді
Бүгін, 11:09

Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді

Вранчевтің бұл сөзіне Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова қарсы шықты
Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады
Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →