×

Ақтөбеде қаруласы сарбазды аяусыз ұрып тастады

Таяқ жеген сарбаз Алматыдағы ауруханада жатыр

Ақтөбеде қаруласы сарбазды аяусыз ұрып тастады
Видеодан кадр

Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінің сарбазы қаруласымен жанжалдан кейін әскери госпиталь төсегінен бір-ақ шықты, деп хабарлайды qaz365.kz "Алматы"телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Қазіргі таңда әскерге Қарағандыдан шақырылған 18 жастағы сарбазға ота жасалып, ем жүргізілуде.

№ 30238 әскери бөлім командирінің орынбасары Ренат Шәріповтің айтуынша, әскери полиция органдары қазіргі уақытта тергеу іс-шараларын жүргізуде, тергеу мүддесіне сәйкес, ол туралы жария етуге жатпайды.

"Аталған әскери қызметші, мерзімді қызмет сарбазы Алматыдағы ауруханада жатыр. Алған жарақаты - сол жақтағы төменгі жақ сүйегінің сынуы. Отадан кейінгі тиісті ем-дом жүргізілуде», - деді Ренат Шарипов.

Екі сарбаздың арасындағы қақтығыс артиллерия бригадасында болғаны анықталды. Мерзімді қызметін өтеуші сарбаз казармада еден жуып жатқанда, әріптесіне ескерту жасаған. Оны көтере алмай қалған қызметтесі сарбазды сол жерде аяусыз ұрып тастаған.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Конгресс заманауи құрылғы ұсынушылар мен кәсіби мамандар арасында алтын көпір болды
Бүгін, 17:05

Конгресс заманауи құрылғы ұсынушылар мен кәсіби мамандар арасында алтын көпір болды

Конгрестің мақсаты  – медициналық құрал-жабдықтаруды ұсынушы, жеткізуші тарап пен соны күнделікті өмірде қолданатын кәсіби мамандар арасында алтын көпір болу
Панедемия кезіндегі және одан кейін мәселелерді шешудің жолдары
Желі қолданушылары оған көңіл айтып жатыр
АҚШ басылымы сотта көрсетілген жантүршігерлік кадрларды сипаттаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →