×

Қазақстанда сот процестері қаншалықты ашық өтеді

Мемлекет іргесінің берік болуының бір кепілі – ашық сот жүйесі

Қазақстанда сот процестері қаншалықты ашық өтеді
egemen.kz

Мемлекет іргесінің берік болуының бір кепілі – ашық сот жүйесі. Сот ашық әрі әділ болмаса, азаматтар іздеген әділдікті соттан таппаса, елдің мемлекеттігінің басты атрибуты жұмыс істемейді деген сөз. Қазақстанда сот процестері қаншалықты ашық өткізіліп жатыр? Жалпы сот отырыстарын ашық өткізудің маңызы неде? Qaz365.kz тілшісі саралап көрді.

Билік судьялардың қорғалуын қалай күшейтті

Биыл ақпанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға өзгерістер енгізу туралы Конституциялық заңға және оған ілеспе заңға қол қойды. Бұл жөнінде сол тұста Ақорда ақпарат таратқан еді. Заңға сәйкес, енді құқық қорғау органдары судьяларға қысым көрсете алмайды. Судьяларға қатысты арнайы жедел-іздестіру шаралары тек бас прокурордың санкциясымен ғана жүргізіледі.

Бұрын құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғамай-ақ кез келген судьяға қарсы арнайы жедел-іздестіру шараларын жүргізе алатын. Бұл үшін облыс прокурорының санкциясы жеткілікті еді. Сенатта заң жобасын талқылай келе депутаттар судьяларға қатысты арнайы жедел-іздестіру шараларын тек бас прокурордың санкция беруімен ғана жүргізу қажет деген тоқтамға келген. Сондықтан бұл кепілді Конституциялық заң деңгейінде бекітілді.

Депутаттар бұл норма судьялардың тәуелсіздігін нығайтады деген үмітте.

Сонымен қатар аудандық соттың төрағаларын кадр резервіндегі және өз-өзін ұсынған азаматтардың арасынан сайлау тетігі енгізілді. Судья қауымдастығы кандидатты өзі ұсына алады. Бұдан бөлек, қабылданған заңға сәйкес, сенат Жоғарғы соттың судьяларын да баламалы негізде сайлайды. Сенатқа кемінде екі судьяның кандидатурасы ұсынылады.

Электронды бақылау өндірісі

Сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жасалған жобаның бірі – электронды бақылау өндірісі. Бұл қызмет – сот отырысына қатысушыларына пароль беру арқылы сот істері бойынша ақпарат алу үшін және іс бойынша барлық сот актілерімен танысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қазіргі кезде «Төрелік», «Дыбыс-бейнежазба», «Сот кабинеті» сынды қолданыстағы бағдарламалар  екенін атап өтуге болады.  Сот процесінің әрбір қатысушысы қазір Сот кабинетіне кіріп, процестің бейне және аудио жазбаларымен таныса алады.Сот жүйесінің ашықтығы мен жариялығын қамтамасыз ету мақсатында, процеске қатысушылардың істің барлық материалдарымен танысуына, кез келген сот сатысында істі қараудың уақыты мен орны туралы хабардар болуға мүмкіндіктер жасалған. Яғни сотқа түскен барлық істер бойынша, істің сотқа түскені, қарауға тағайындалғаны, қаралған күні, басқа да іске қатысты мәліметтер тараптарға СМС хабарламалар арқылы жолданады. Сотта жариялылықты заңсыз шектеу жағдайларына жол берілмейді және барлық мүдделі адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сот отырысы залына еркін кіру мүмкіндігі қамтамасыз етілген.

Кез келген адам сот отырысына қатысуға құқылы

Қазіргі заң бойынша сот талқылауы ашық өтуі керек (заңда көзделген жағдайларды қоспағанда). Кез келген адам отырысқа қатысуға құқылы.

Екіншіден, сот төрелігінің ашықтығы тараптарды және барлық мүдделі тұлғаларды жедел хабардар етумен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері сот шешімдерінің және өзге де құжаттардың мазмұнымен ақпараттық-анықтамалық жүйелер арқылы немесе өзге де тәсілдермен танысуға құқылы. Сот отырысы жайлы тиісті ақпаратты тараптарға және сот талқылауының кез келген қатысушысына, сондай-ақ БАҚ өкілдеріне берілуі керек. Яғни сот төрелігінің ашықтығы соттың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесуінде айқын көрінеді.

Жалпы бұқаралық ақпарат құралдары – сот ісін жүргізудің ашықтығы мен жариялылығының ең маңызды құралы.

Одан бөлек Қазақстанда алқабилер соты 2007 жылдың 1 қаңтарында енгізілген. Содан бері бұл институт жұмыс істеп келеді.

Жаңбыршиннен сын

Осыдан жарты жыл бұрын мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин сот жүйесі мүлде жабық мекемеге айналды деп мәселе көтерген еді. Оның сөзінше, Қазақстанның түкпір-түкпірінен мәселесін айту үшін еліміздің әр аумағынан келетін азаматтар Жоғарғы соттың ашықтығы мәселесін көтерген. Әділдік іздеп келген тұрғындарды Жоғары сот қабылдауына кіргізбейтіндерін атап өткен.

«Барлық органдар наразы азаматтарды қабылдайды. Ал Жоғарғы сотқа келгенде оларды ешкім қабылдамайды. Жоғарғы соттың тек аппарат қызметкерлері шығып, азаматтармен кездесу өткізеді. Әділдік іздеген азаматтар өздеріне кейде қол жұмсап жатады. Неліктен? Себебі соттар өздерін процессуалдық сипаттан тыс байланыс болмасын деп өздерін шектеп тастаған», - деген еді Еділ Жаңбыршин.

Алайда Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашит Жүкеновтің айтуынша, процессуалдық байланыстың өзі заңға қайшы. Өйткені кез келген дауда екі тарап бар. Соттар бір жақты қабылдаса, екінші жақ риза болмайды.

 

 

 

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Маманның айтуынша, әлеуметтік тәуелділік дегеніміз дәл осы тұрақты жұмыстың болмауынан туындайды
Облыстағы аграрлық мәселелер қалай шешілуде
Жиналған барлық қаражат әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →