×

Динара Зәкиева студенттің мүгедектігі бар балаларды қорлауы ісіне қатысты пікір білдірді

Астанада 22 жастағы студент хоспистегі егде жастағы науқастар мен оңалту орталығындағы аутизмі бар балаларды азаптады деген күдікке ілінген еді

Динара Зәкиева студенттің мүгедектігі бар балаларды қорлауы ісіне қатысты пікір білдірді
Ашық дереккөздерден

Медициналық оқу орны студентінің хоспис пациенттері мен мүгедектігі бар балаларды қорлау ісіне қатысты ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Іс бүгінде соңғы сатысында. Нәтижелері бойынша қорытынды процессуалдық шешім қабылданатын болады. Сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Сонымен қатар, күдіктінің адвокаты материалдармен бір ай бойы танысып жатыр. Бас прокуратурамен байланыстамын, іс менің бақылауымда. Меніңше, мұндай іс-әрекеттер заңның бар қатаңдығымен қарастырылуы керек», – деп жазды Динара Зәкиева Фейсбуктағы парақшасында. 

Айта кетсек, Астанада 22 жастағы студент хоспистегі егде жастағы науқастар мен оңалту орталығындағы аутизмі бар балаларды азаптады деген күдікке ілінген. Студентке қатысты тергеу осымен сегізінші айға созылуда. Жас жігіт ауыр науқастар мен балаларды мазақ етіп қана қоймай, бәрін камераға түсірген көрінеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысында ауылшаруашылығы саласының дамуы мақсатқа сай
Бүгін, 16:23

Абай облысында ауылшаруашылығы саласының дамуы мақсатқа сай

Облыстағы аграрлық мәселелер қалай шешілуде
Жиналған барлық қаражат әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады
Облыс әкімдігі аталған материалға қатысты жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →