Ата-аналар мәселені әлеуметтік желіде және тікелей эфирде көтеруге мүмкіндік бермей жатқанын айтты
Лагерге барамыз деп, саунадан бір-ақ шыққан балалардың ата-анасы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Еске салайық, бұған дейін мемлекеттік бюджеттен 107 миллион теңге бөлінген 1150 балаға арналған балалар лагерінің сауна ғимаратынан ашылғаны белгілі болды.
Ата-аналар атынан сөз алған Мананова Гүлшат олардың мәселесін әлеуметтік желіде және тікелей эфирде көтеруге мүмкіндік бермей жатқанын атап өтті.
«Балаларымыздың саунадан бір-ақ шыққанына кім кінәлі екенін білгіміз келеді. Бұл біздің кінәміз емес, өйткені ұзақ жылдар бойы балаларымыз бағдарлама бойынша лагерьге барып жүрді, мұндай жағдай бірінші рет болып отыр. Біз әлеуметтік педагогтарымызға үйренгенбіз, оларға сенгендіктен, лагерьді барып тексермедік.
Лагерьге барған күннен бастап балаларымыздың телефонын неге алып қойған? Неліктен оларға қарайтын қызметкерлер мен тәрбиешілерді, тәлімгерлерді дұрыс таңдамаған?» – дейді зардап шеккен балалардың ата-анасы.
Зардап шеккен балалардың ата-аналары осы лагерьдің ұйымдастырушысы Гүлнәр Урғазиеваның олармен байланысқа неге шықпай қалғанын түсіне алар емес.
Сонымен қатар, бұл оқиға туралы КТК телеарнасы да репортаж түсірген, бірақ ол эфирден өтпей қалған.
Ата-аналардың айтуынша, әлеуметтік желілердегі видеолар мен ата-аналар бөліскен бейнежазбалар, тіпті олардың аккаунты да жойылып жатыр.
«Біздің ісімізді қарауға алған тергеуші бүгін хабарласуы керек еді. Есімі Нариманұлы Ғалым. Бізді медициналық тексеруден өтуге жіберген, барсақ мүрдеханаға жолдапты.
Бұл да КТК-ның жағдайы сияқты. Енді тіпті кімге хабарласарымызды білмейміз. Бірақ біз соңына дейін барамыз: Жетісу әкімдігінен бастадық, қала әкімдігінде де, сол жерде полиция бөлімінде де болдық, ертең Бас прокуратураға барамыз», – дейді ашынған ата-аналар.
Лагерьдегі оқиғадан кейін бір қыз менингит болуы мүмкін деген күдікпен ауруханаға түскен.
«Бұл жерде оның ата-анасы жоқ. Балалардан бөртпе, күн өту, жарақат, көгеру, қышыма анықталып жатыр. Кейбір балалардың ағзасында су жетіспеушілігі де байқалуда, өйткені оларға су ішуге рұқсат бермеген, лагерьдің жанындағы барда бұларға су сатпаған, көпшілігі түнделетіп дүкенге барған.
Сондай-ақ, балалар бассейндерде ғана емес, баспалдақтан да құлап жарақат алған. Балалар бейтаныс адамдар мас күйінде жүрген бассейн маңындағы тапшандарда ұйықтаған. Балаларымызға бірдеңе болып қалса, кім жауап береді?» – деді ашуға булыққан ата-аналар.
Сондай-ақ, олар осындай жағдайда жұмыс істеуге рұқсат еткен санитарлық-эпидемиологиялық станциядан бастап, балалардың сонда болуына рұқсат берген әкімдік қызметкерлеріне дейін барлығының тізімін талап етті.
«Қаскелеңдегі лагерьде де жетім балалар дәл осындай жағдайға тап болған. Ол лагерьге де Гүлнар Урғазиеваның қатысы бар. Біздің лагерь содан кейін ашылды. Жетім балалар сияқты біздің ұл-қыздарымыз да үндемей, осындай жағдайға төзеді деп ойлаған болу керек. Бірақ ол ойлары орындалмады.
Осы екі істі, яғни жетім балалар мен біздің балаларымыздың ісін біріктірсе деймін. Өйткені елімізде бөтен бала жоқ, баланың барлығы да бірдей», – деп сөзін аяқтады ата-ана.
Сондай-ақ олар кінәлілерді қатаң жазалауды талап етті.
Алматы қаласының білім басқармасы балалар демалысын ұйымдастыру бойынша жауапсыз қызмет көрсетушілермен соттасатынын мәлімдеді.
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті де Алматыдағы сауна ғимаратына орналастырылған балалар лагеріне қатысты түсініктеме берді.
Сондай-ақ Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева соңғы күндері туындаған балалар лагеріне қатысты дау-дамайларға пікір білдірді.
Ал депутат Нұргүл Тау лагерді ұйымдастыруға бюджеттен 107 млн теңге бөлінгенін айтты.