×

Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша бірыңғай сенім телефоны іске қосылады

Бұл туралы Үкімет хабарлады

Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша бірыңғай сенім телефоны іске қосылады
Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша бірыңғай сенім телефоны іске қосылады, деп хабарлайды Qaz365.kz

Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың басшылығымен өткен кеңесте тұрмыстық зорлық-зомбылық пен балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллинг мәселелері талқыланды. 

 Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыру және зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандарына көмек көрсетудің пәрменді бағдарламасын әзірлеу міндетін қойған болатын.

Осы тапсырманы орындау аясында тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандары 16 қазаннан бастап 111 бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығына тәулік бойы хабарласа алады.

Қалалық нөмірлер мен ұялы байланыс операторлары үшін қоңырау шалу тегін.

Азаматтарға қажетті көмек мәтіндік диалог арқылы да көрсетілетін болады.

Қиын жағдайға тап болған қазақстандықтарға көмек көрсету үшін білікті психологтар мен заңгерлер тартылды.

Бірыңғай сенім телефоны мемлекеттік шұғыл қызметтер тізбесіндегі 101, 102, 103 және т.б. нөмірлердің қатарына енгізіледі. Бұл азаматтарға құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу арқылы жедел түрде көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →