×

«Қазақша аздау сөйлейді», «Халық бауырмал»: шетелден келген қандастар Қазақстанға келгендегі әсерін айтты

Таяуда әлемнің 40-қа жуық елінен қандастар Астанаға жиналған болатын

«Қазақша аздау сөйлейді», «Халық бауырмал»: шетелден келген қандастар Қазақстанға келгендегі әсерін айтты
Видеокадрдан

Таяуда әлемнің 40-қа жуық елінен қандастар Астанаға жиналған болатын. «Дереккөз» тик-ток парақшасында олардың Қазақстанға келген кездегі әсерін айтып берген, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Қазақстанға келіп байқағаным – көп адам қазақша аздау сөйлейді екен. Сол таңғалдырды. Ұшақта «маған су беріңізші» дейді. Мен орысша түсінбеймін (күледі)», - дейді Жадыра атты Жапониядаг келген қандас. 
 

Польшадан келген Роза атты әйел «халыққа бауырмал» деп баға береді.
 

«Астана қаламыз құлпырып тұр. Соған қарағанда елге салынған инвестиция Астанаға салынып жатқан сияқты», - дейді Жанат атты Испаниядан келген қандас.


Моңғолиядан келген Бердібек атты азамат «атажұртқа келгенде Астанадағы зәулім мешітке таңғалғанын» айтады.
Кореядан келген Тұрлан атты азамат «Қазақстанда қазақтар өте ұйымшыл» екенін атап өтеді.
 

«Ең алдымен, Қазақстанның қонақжайлығы таңғалдырды. Барлығы сыпайы, тәрбиелі, жүректері ашық. Жұмыс жағынан мені инфрақұрылым таңғалдырды. Адамдар еңбекқор», - дейді Германиядан келген Исмаил.
 

Ираннан келген Тайып атты қандас «Қазақстан экономикасы жақсы дамығанын, ана тіліміз күшейіп келе жатқанын айтады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →