×

18 жасқа дейінгі балалардың есепшотына Ұлттық қордан аударылатын ақшаның көлемі белгілі болды

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын былтыр қыркүйекте Қазақстан халқына жасаған жолдауында президент ұсынған болатын

18 жасқа дейінгі балалардың есепшотына Ұлттық қордан аударылатын ақшаның көлемі белгілі болды
Коллаж Qaz365.kz

Алдағы қаңтар айынан бастап, «Ұлттық қор – балаларға» жобасы іске қосылады. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында осы ұлттық қлордан балаларға қаражат беруді көздейтін заң жобасы Мәжіліске қайтарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz. 
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын былтыр қыркүйекте Қазақстан халқына жасаған жолдауында президент ұсынған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев әр отбасы елдің ұлттық байлығынан өз үлесін алуы керек екенін мәлімдеген еді. Қазіргі кезде елімізде 18 жасқа толмаған шамамен 6,7 миллион бала бар екен.
Заң қабылданса, ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнайы есепшотына аударылады. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетовтың айтуынша, қазіргі кезде жылдық инвестициялық табыстың орташа мөлшері 5-6 пайызды құрайды.
 

«Біздің есебіміз бойынша балалардың есепшотында 18 жасқа дейін 3,5 мың доллар (қазіргі курспен 1 668 730 теңге) жиналады. Жиналған ақша жете ме, жетпей ме деген сұрақ өзекті. Әрине, шетелде оқитын болса, оқуға жетпеуі мүмкін. Бірақ азғантай болса да ұлттық байлықтың шетінен алып, өзінің бір жыртығын жамайтын болса, ол да бір жетістік емес пе?!» - дейді сенатор Бекбол Орынбасаров.


Ұлттық қор қаражатын білім алуға және тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған нақты екі мақсатта пайдалану ұсынылады. 
Бала 18 жасқа толғанға дейін аударылған ақша Ұлттық қорда болады. Ұлттық банк оны қаржы құралдарына инвестициялауды жалғастырады. Барлық балаға тең тәсіл қамтамасыз етіледі, яғни баланың туған күнінен бастап немесе баланың Қазақстан азаматтығын алған күнінен бастап он сегіз жасқа толғанға дейін оның бағдарламаға қатысқан тиісті жылы үшін әрбір баланың шотына бірдей сома аударылады.

«Жалпы Ұлттық қор Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруында. 2020 жылдан бастап орташа инвестициялық табыс 3 пайызды құрады. Қазір балаларға бөлінетін 50 пайыз дегеніміз – Ұлттық қордың инвестициялық табысының орташа мөлшері алынатын болады. Бүгінгі таңда 2005-2023 жыл аралығында инвестициялық табыс 2,6 пайызды құрады», - дейді Дәурен Темірбеков.


Мәселен, Ұлттық қордың мөлшері қазіргі таңда 57 млрд АҚШ доллары. Соның 2,6 пайызы – 100 пайыздық инвестциялық табыс. Дәл сол инвестициялық табыстың жартығы Қазақстандағы 6,7 млн балаға бөлінеді. 2024 жылы 1 қаңтарда қанша бала болады – соның бәріне бөлінеді.
Десе де Дәурен Темірбеков 2024-2042 жыл аралығында 18 жасқа дейінгі балаға қанша сома түсетінін нақты айта алмады. 
 

«3 мың доллар бола ма, 4 мың немесе 5 мың доллар бола ма – біз айта алмаймыз», - дейді ол әр жылдары инвестициялық табыс әртүрлі болуы мүмкін екенін ескертіп.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында
Мерекелік шаралар қаланың барлық аудандарында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →