×

Қазақстанның 20 миллионыншы азаматы атанғандарға ақшалай сыйақы беріледі

Ол үшін ата-аналарға 3 ай уақыт беріледі

Қазақстанның 20 миллионыншы азаматы атанғандарға ақшалай сыйақы беріледі
ашық дереккөзден

«Отбасы» банкі еліміздің 20 млн-шы тұрғыны атанған 5 балаға 2 млн теңгеден береді. Бұл туралы «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

«Отбасы банкі» еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанған балалардың болашағына да өз үлесін қосқысы келеді. Біз оларға әрқайсысы 2 млн теңге номиналды құны бар сыйлық сертификатын сыйлаймыз. Бұл сертификат жай ғана сыйлық емес. Ол – жарқын болашаққа жолдама. Бұл қаражат жеке баспана сатып алудың алғашқы қадамы болады», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, сертификатты қолдану үшін балалардың ата-аналар өздері тұрып жатқан қаладағы банк филиалына барып, жеке куәлігін, баланың туу туралы куәлігін көрсетуі керек. Сонымен қатар видеобанкинг арқылы да хабарласуға болады.

«Ол үшін ата-аналарға 3 ай уақыт беріледі», – деді Ләззат Ибрагимова.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алакөлде кәріз жүйесі салынып, жағалау толық абаттандырылады – әкім
Бүгін, 00:22

Алакөлде кәріз жүйесі салынып, жағалау толық абаттандырылады – әкім

17 көше мен 34 шақырым жолды жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайын
Құқық бұзған 194 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған
Қазақстанның жеті өңірінде халық саны 1 млн адамнан асады.
Ол жас жігітті медициналық комиссиядан өткізбей, мерзімді әскери қызметке заңсыз жіберген.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →