×

Алматы автобустарында жолақысы қымбаттайды

Қазір қалада 22 жеке және 1 коммуналдық автобус паркі жұмыс істейді

Алматы автобустарында жолақысы қымбаттайды
Фото: ашық дереккөзден

Алматы мәслихаты қоғамдық көлікте жол жүрудің жаңа тарифін мақұлдады. Соған сәйкес, жолақысы енді 120 теңге болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазір қалада 22 жеке және 1 коммуналдық автобус паркі жұмыс істейді. Күн сайын желіде шамамен 2,3 мың автобус пен 184 троллейбус жүреді. Қоғамдық көлікпен қатынайтын жолаушылар саны күніне 1,5 миллион адамнан асты.

Қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаевтың айтуынша, 2023 жылғы тамызда жол жүру тарифі 11 жылда алғаш рет 100 теңгеге дейін көтерілген. Соған қарамастан жол ақысын төлеуден түсетін күнделікті түсім автобустарды жөндеу, қосалқы бөлшектер мен шығын материалдарын сатып алу сияқты тасымалдаушылардың барлық шығынын өтемейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтөбеде Аналар күні «Анаға тағзым» акциясымен салтанатты түрде атап өтілді
Бүгін, 17:18

Ақтөбеде Аналар күні «Анаға тағзым» акциясымен салтанатты түрде атап өтілді

Триатлон паркінің бас сахнасына қарай 100 қарт ана, 100 «Алтын алқа» иегері және 100 «Күміс алқа» иегері бет алды
Бауыржан Момышұлының жарқын бейнесі мен ерен ерлігі жас ұрпақ үшін қашанда үлгі-өнеге
Қаһарман ардагерлеріміздің ерен ерлігінің мән-мағынасын өскелең ұрпақтың санасына сіңіру – бүгінгі буынның қасиетті парызы

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →