×

Түркістанда Республика күніне орай 200 орындық «Самғау» оңалту орталығы ашылды

Түркістан облысында 100 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан тұрады

Түркістанда Республика күніне орай 200 орындық «Самғау» оңалту орталығы ашылды
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысында 100 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан тұрады. Бұл облыс халқының 5%-ын құрайды. Оның 40 мыңнан астамы әлеуметтік оңалту қызметіне мұқтаж. Бұл мәселе облыс басшылығының қолдауымен шешімін тауып келеді. Бүгін Сауран ауданында 25 қазан – Республика күніне орай 200 орындық заманауи оңалту орталығы ашылды. Ашылу салтанатына облыс әкімі Дархан Сатыбалды, маслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер, сонымен қатар Сауран ауданы мен Кентау және Түркістан қаласының тұрғындары қатысты, деп хабарлайды Qaz365.kz

– Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осындай маңызды мереке қарсаңында Түркістан облысында бірқатар әлеуметтік нысандар ел игілігіне пайдалануға тапсырылып жатыр. Ал бүгін жаңа «Самғау» оңалту орталығын ашқалы отырмыз. Мемлекет басшысы «Мүгедектігі бар азаматтарға жүйелі қолдау көрсету прогрессивті және әлеуметтік жауапты мемлекеттерге тән. Біз бұл бағыттағы жұмысымызды үнемі жетілдіріп отыруымыз керек» деген болатын. Өмірдің әрбір сынағы бізді шыңдай түседі. Әрбір адам – өз өмірінің батыры! Кедергіні емес, мүмкіндікті іздеген азамат мақсатына жетеді. Орталыққа келетін әрбәр жанға ем-дом болады деген сенімдемін, қабыл алыңыздар! – деді облыс әкімі.