×

Александр Бублик Галле турнирінің жартылай финалына шықты

Ол ширек финалда 21 жастағы Янник Синнермен шеберлік байқасты

Александр Бублик Галле турнирінің жартылай финалына шықты
ФТК

Қазақстанның бірінші, әлемнің 48-ракеткасы Александр Бублик Галле (Германия) ATP 500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 9-ракеткасы, италиялық, 21 жастағы Янник Синнермен шеберлік байқасты.

Осыған дейін қарсыластар өзара төрт кездесіп, соның бәрінде италиялық спортшы жеңіске жеткен еді.

Жуырда Нидерландтағы Хертогенбос жарысында Я.Синнер А.Бубликті 6:4, 6:2 есебімен ұтқан болатын.

Бұл жолы бірінші партияда қазақстандық теннисші 7:5 есебімен басым түсті.

Екінші сетте 2:0 есебімен Бублик жеңіп жатқан кезде Синнер матчты жалғастырудан бас тартты.

Бар-жоғы 52 минутқа созылған бәсекеде Бублик 6 эйспен бірге 3 брейк-пойнтты пайдаланып үлгерді. Синнер 2 эйс, 1 брейктен аса алмады.

Александр Бублик финалға шығу үшін әлемнің 22-ракеткасы, германиялық Александр Зверев немесе рейтингте 28-орындағы чилилік Николас Харридің біреуімен таласады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды
29.04.2024ж. 21:59

Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды

Олар жартылай финалда Индонезиядан басым түсті
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →