×

Александр Бублик Уимблдонды жеңіспен бастады

Ол 24 эйс жасады

Александр Бублик Уимблдонды жеңіспен бастады
РИА Новости / Алексей Куденко

Қазақстанның бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Осыған дейін Галле (Германия) ATP 500 турнирінде чемпион атанған қазақстандық теннисші Уимблдонда 23-ракетка болып тіркелді.

А.Бублик алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 54-орында тұрған америкалық Маккензи Макдональдпен бақ сынасты.

Бірінші партияда тай-брейкте америкалық спортшы сәтті ойнады – 7:6 (7:3).

Екіншісінде есеп 4:4 болған мезетте Бублик брейк жасап, сосын өз геймін алды – 6:4.

Үшінші сетте қазақстандық теннисші доп берген кезде қателікке бой алдырып, қарсыласының брейк жасауына жол беріп қойды – 0:2. Дегенмен таразы басын теңестіре алды – 4:4. Содан кейін тағы бір брейкке қол жеткізіп, партияны өз пайдасына шешті – 6:4.

Төртінші партияда брейк жасаған қазақстандық спортшы 3:1 есебімен алға кетті. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.

Екі сағат 49 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында А.Бублик 24 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. М.Макдональд 6 эйс, 1 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті.

Александр Бублик екінші айналымда тағы бір америкалық, әлемнің 48-ракеткасы Джеффри Джон Волфпен кортқа шығады. Ол бастапқы кездесуінде рейтингте 158-сатыдағы франциялық Энцо Коконы 7:5, 6:3, 7:6 (7:4) есебімен тізе бүктірді.

Өткен жылы А.Бублик Уимблдонда үшінші айналымға дейін жеткен еді.

Ерлер арасында Уимблдон жарысы 3-16 шілде аралығында өтеді. Доданың жалпы жүлде қоры биыл 44,7 млн фунт стерлингке жетті, бұл рекорд болып есептеледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды
29.04.2024ж. 21:59

Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды

Олар жартылай финалда Индонезиядан басым түсті
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →