×

Джи-джитсу шебері Нұржан Батырбеков жетінші алтынды сыйлады

Екі дүркін Азия чемпионы Мохамед Алсувайдиден (БАӘ) соңғы секундта жеңісті тартып алды

Джи-джитсу шебері Нұржан Батырбеков жетінші алтынды сыйлады
Нұрғали Жұмағазы

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында джиу-джитсудан алтын түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
 
Джиу-джитсудан 69 келіде әлем чемпионатының қола жүлдегері, 21 жастағы Нұржан Батырбеков финалдық сайыста екі  дүркін Азия чемпионы Мохамед Алсувайдиден (БАӘ) соңғы секундта жеңісті тартып алды.
 
Бұған дейін Нұржан жартылай финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері Чо Сон-хённан (Оңтүстік Корея) басым түскен. Оған дейін не-ваза жүйесіндегі айқастарда қазақ спортшысы Рамшед Абдуллоев (Тәжікстан) пен Хаммам Осама Кандилді (Сауд Арабиясы) айқын басымдықпен жеңген.

Осы салмақтағы тағы бір ұлттық құрама өкілі Алдияр Серік Ноа Лимді (Сингапур) жеңіп, қола жүлдеге ие болды. Ертеректе 19 жастағы Серік іріктеуде Оңтүстік Корея, Филиппин, Біріккен Араб Әмірлігінің джиу-джитсу шеберінен басым түскен, алайда жартылай финалда тағы бір БАӘ-нің атлеті Мұхаммед әл Суваидиға қосымша көрсеткіш бойынша есе жіберді.

Бұл Қазақсттаның жетінші алтыны. Осының алдында Евгений Федеров алтыншы алтынды еншілеген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісу облысында елімізде теңдесі жоқ жаңа заманауи волейбол орталығы ашылды
Бүгін, 13:37

Жетісу облысында елімізде теңдесі жоқ жаңа заманауи волейбол орталығы ашылды

Жаңа волейбол орталығында екі жаттығу бөлмесі бар
Елдос Сметов Париж Олимпиадасында 60 келіде топ жарды
Ол қазақстандық журналист берген сұхбатында сыйлықтардан бас тартқанын айтты
12 қыркүйекте қазақ көкпаршылары 5:4 есебімен қырғыз спортшыларынан басым түскен болатын

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →