Абай облысында қар суы аудандық маңызы бар жолды шайып кеткен

Qaz365.kz редакциясы

Оған күннің күрт жылуы себеп болған

Видеодан скриншот

Абай облысындағы Үштөбе ауылында таудан аққан қар суы аудандық маңызы бар Үштөбе ауылына баратын жолдан асып кеткен. Салдарынан автокөлік қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оған күннің күрт жылуы себеп болған.

Қазіргі уақытта Қызыл кесік ауылдық округі әкімі аппаратынан арнайы кезекшілік топтары ұйымдастырылды. Төтенше жағдайлардан 2 адам, 1 өрт сөндіру көлігі техникалары жұмыстар атқаруда.

Әкімдік мәліметінше, қазіргі уақытта Үштөбе ауылының халық саны 747 адам, оның ішінде 1 жүкті әйел бар.