Әскери қызмет: 3,5 мыңға жуық сарбаздың несиесі кейінге шегерілді

Qaz365.kz редакциясы

Несиені кейінге қалдыру мерзімі - 13 ай

Ашық дереккөздерден

Әскери борышын өтеуге аттанған 3,5 мыңға жуық сарбазға мерзімді қызмет уақытында тұтынушылық және шағын несиелерін төлеуді кейінге қалдыру мүмкіндігі берілді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.

"Несиені кейінге қалдыру мерзімі - 13 ай. Яғни, бұл уақыт сарбаз бір жыл әскери қызметін атқарып, үйге келген соң бір айдың ішінде жұмысқа орналасып, қарыздары бойынша төлемдерді жалғастыра алуы үшін беріледі. Бүгінде осы мүмкіндікті пайдаланған 3,5 мың әскери қызметшінің бес мыңға жуық несиесі тоқтатылды", - деді Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.