«Жапония үлгісі». Матчтан кейін жанкүйерлер мен еріктілер стадионның қоқысын жинады

Qaz365.kz редакциясы

Футбол жанкүйерлері мен елорда тұрғындарының белсенділігі ғана емес, олардың тазалығы кімді болмасын таңғалдырды

Ашық дереккөзден

Астанада жанкүйерлер еріктілермен бірге Қазақстан мен Сан-Марино құрамалары арасындағы матчтан кейін стадионның қоқысын жинады, деп хабарлады  Qaz365.kz.

Елордалық еріктілер мен жанкүйерлер тобы Еуро-2024 іріктеу аясында Қазақстан құрамасының Сан-Марино командасына қарсы матчынан кейін «Астана Арена» стадионында қоқыс жинады.

Футбол жанкүйерлері мен елорда тұрғындарының белсенділігі ғана емес, олардың тазалығы кімді болмасын таңғалдырды. Өйткені тазалық жұмысына «Астана Жастары» КММ белсенділері мен еріктілері де, Астананың тұрғындары да атсалысты.

Айта кетейік, футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің тоғызыншы турында   Қазақстан құрамасы Сан-Мариноны 3:1 есебімен жеңді.