×

Әли Оқапов «Құрмет» орденін қайтарды ма – Балаева нақты жауап берді

Министр нақты жауап берді

Әли Оқапов «Құрмет» орденін қайтарды ма – Балаева нақты жауап берді
Коллаж: Qaz365.kz

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бүгін Мәжілістің отырысынан кейін соңғы жылдары елдегі берілетін орден-медальдің көптігіне, Әли Оқаповтың әрекетіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол еңбек бағалану керектігін, орден-медальдің тым көп беріліп жатқанына келіспейтінін айтып қалды. Көп жағдайда марапатқа азаматтарды қоғамдық ұйымдар өздері ұсынатынын жеткізді.

«Биыл негізінен марапаттың көбісін «Еңбек адамдары» алды. Зауытта, шахталарда істейтін қызметкерлерге берілді. Неге біз олардың еңбегін көрсетпеуіміз керек? Бәрін жоққа шығара беру жақсы тенденция емес», – деді Аида Балаева.

Ол мұндай марапаттарды тарата беру  азаматтарды алдарқату емес деп отыр.

«Мұның бәрі еңбекті бағалау деп білемін», – деді министр.

Тілшілердің бірі дамыған елдерде Қазақстан секілді орден-медальді оңды-солды тарата беремейтінін алға тартқан. Аида Балаева журналистің өзінен статистика сұрады.

Жақында Халық әртісі Роза Рымбаеваның музыкант ұлы Әли Оқапов желідегі хейттен кейін барлық алған марапаттарын қайтарып беремін деген. Осыған қатысты ведомство басшысы да пікір білдірді.

«Әли Оқапов видеоүндеу жасағаннан кейін министр ретінде өзімен сөйлестім. Шығармашылық адамы болған соң, оның үстіне жан-жақтан талағаннан кейін шыдай алмай кеткен. «Менің еңбегім емес, анаммен бағалап жатқанына шыдамадым» деді. Қазір ондай мәселе жоқ, барлығы дұрыс. Қазір сабасына түсті. Алған «Құрмет» ордені өзінде қалады», – деді министр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365 редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

“Олардың кино түсіруге интеллекті, мәдениеті жетіспейді”: Нұрлан Қоянбаев кейбір режиссердің халықтың ақшасына кино түсіруіне қарсы
15.11.2023ж. 09:02

“Олардың кино түсіруге интеллекті, мәдениеті жетіспейді”: Нұрлан Қоянбаев кейбір режиссердің халықтың ақшасына кино түсіруіне қарсы

Оның айтуынша, кейбір режиссер Үкіметтен қомақты қаражат алып, “бизнес” жасап жатыр
Елордада «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы мәреге жетті
Дариға Бадықованы тек ұрысқақ әйелдің образынан шыға алмай қалды дейтіндер бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →