×

Алматыда тұңғыш рет университет түлектеріне арналған фестиваль өтеді

Әрбір ЖОО түлектері де үлкен сахнада өнер көрсете алады

Алматыда тұңғыш рет университет түлектеріне арналған фестиваль өтеді

Алматыда алғаш рет ЖОО-ның түлектеріне арналған фестиваль ұйымдастырылып жатыр. Бұл іс-шараның ерекшелігі – Қазақстанда өзге баламасы жоқ және әр университеттің бетке ұстар, талантты студенттері өнер көрсетеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Level up» фестивалінің аясында  Nazima, Ayau, Bonapart, Darrem, abdr, All Davay, Moreart, Crime Wizard атты жұлдыздар өнер көрсетеді. Ал шараның басты хедлайнері – Ирина Кайратовна тобы, жүргізушілері – ІлиясЖапаров, Таня Турлай. Сондай-ақ ойын-сауықтық шоу-бағдарламасы, аэростатты шар болады. Ең бастысы – әрбір ЖОО түлектері де үлкен сахнада өнер көрсете алады.
 
Фестиваль мақсаты – түлектердің басын қосып, әр ЖОО-ның интеллектуалдық, спорттық, шығармашылық жетістігін көрсетіп, таланттарын паш ету арқылы достық атмосферасын қалыптастыру. 

«Осы жоба арқылы жыл сайын қаламыздағы университет түлектеріне жарқын эмоциялар мен естеліктер сыйлағымыз келеді. Фестиваль жыл сайын өтетін дәстүрлі шараға айналады», - дейді жоба ұйымдастырушысы LK PRODUCTION директоры Камалова Ләйла.

«Level up» фестивалінің серіктестері қатысушылар арасында ұтыс өткізіп, музыка әуесқойларына арналған құлаққаптар, сәнді, функционалды сағат және смртфондар ойнатады. Сондай-ақ ең үздік киберпанк  костюміне байқау жариялайды. Өзгелерден ерекше, қайталанбас костюммен келген қатысушыға 1 млн теңгежүлде беріледі.

Фестивальге ҚазҰУ, ҚБТУ,  КИМЭП, SDU, Abay UNIVERSITY, Satbayev UNIVERSITY, AlmaU және басқа да оқу орындары қатысады.«Level up» Алматы әкімдігінің қолдауымен өтеді. 

Фестиваль «Сұңқар» халықаралық трамплин кешенінде 15 маусымда өтеді. Күндіз 16:00-ден 24:00-ге дейін жалғасады. Фестивальдің ашылуы 19:00-де басталып, (жарық-дыбыс шоуы) 23:00-ге дейін концерт-би форматында өтеді, сахнаға кеш хэдлайнерлері де шығады. 16:00 до 19:00 аралығында түлектер өнер көрсетуі, конкурс және естен кетпес шоу-бағдарлама болады.

«Level UP» жас буын үшін трендке айналып, әрбір қатысушыға қаланың ең белсенді азаматы екенін сезінуге мүмкіндік береді деп сенеміз. Ал қаланың ЖОО-дары өз түлектерінің жетістігі мен талантын паш ету мүмкіндігіне ие болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Лаки Кесоглу I дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
Кеше, 09:09

Лаки Кесоглу I дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды

Қала әкімі дарынды әншіні ел Президентінің атынан 85 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ол түйткілді тұстардың уақытылы түзетілмеген болып шыққанын жеткізді
Күні кеше  «Қазақфильм» алдында «Қазақ анимация» шығармашылық бірлестігінің қызметкерлері наразылық білдірді
Мемлекеттен бөлінген тиісті қаражат әлі күнге дейін қызметкерлерге берілмеген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →