×

Түлкібаста лагерьдегі жылап жүрген балалардың видеосы тарады

Түркістан облысының білім басқармасының пікірін білдік

Түлкібаста лагерьдегі жылап жүрген балалардың видеосы тарады
egemen.kz

Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы лагерьлердің бірінде шу шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Шаян шақты, жылан шақты, ішіміз ауырды, тамақ қатып қалған, екінші қабаттан секіріп кетті. Мұндай жағдай Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Еңбекші ауылындағы лагерьде болып жатыр. Бұрынғы туберкулез диспансері жеке қолға өтіп, биыл ғимарат лагерьге жалға берілді. Лагерьге 10 күнге 30 мың теңге төлейсің. Шу-шу еткен балаларды жұбататын кім бар? Түркістан облыстық білім басқарма басшысы «Бізде бәрі жақсы, ауданнан барған комиссия маған жақсы деп есеп берді» деп отыр. Су жаңа сайланған балалар омбудсмені өз жұмысын жазғы балалар лагерінен бастап кетсе жөн болар еді», –  деп жазды журналист Гүлмира Әбіқай.

Осы ретте Түркістан облысының білім басқармасының пікірін білген едік. Олар өз мамандарын жіберіп, тексеріс жүргізіп жатқанын айтты. 

«Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының тікелей тапсырмасымен Түлкібас ауданында орналасқан жазғы сауықтыру лагеріне өз адамдарымызды жібердік. Атап айтқанда, басқарманың тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің бас маманы Клара Оспанова, Шардара ауданы білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Анафия Арыстанбекқызы зерделеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда жауапты мамандар жазғы сауықтыру лагерінде. Арнайы тексеру жұмыстары жүргізіліп, қосымша толық хабарлаймыз», - делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →