×

IELTS, TOEFL балдарын ҰБТ балдарына ауыстырудың жаңа шкаласы жарияланды

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді

IELTS, TOEFL балдарын ҰБТ балдарына ауыстырудың жаңа шкаласы жарияланды
Коллаж: Qaz365.kz

IELTS, TOEFL сертификаттарының балдарын ҰБТ балдарына ауыстырудың жаңа шкаласы жарияланды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Халықаралық стандартталған IELTS, TOEFL сертификаттарының балдарын ҰБТ балдарына ауыстырудың жаңа шкаласы жарияланған құжат бекітілді.

Яғни, бұған дейін айтып кеткендей, 6.0 және одан жоғары IELTS балдары бар талапкерлерге «Ағылшын тілінен» 45 балл есептеледі. Ал нәтижесі 5.5 IELTS сертификаттарының иегерлеріне – 41 балл, 5.0 – 37 балл беріледі”, – деп жазды ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →