×

Алматылық оқушылар Халықаралық ғылым және өнертабыс байқауында жеңімпаз атанды

Әлемнің әр түкпірінен 1500 қатысушы келді

Алматылық оқушылар Халықаралық ғылым және өнертабыс байқауында жеңімпаз атанды

2024 жылдың 22-28 наурыз күндері Тунис мемлекеті Махдия қаласында оқушылар арасында «The International Festival Of Engineering Science And Technology In Tunisia (I-FEST - 2024)» атты халықаралық ғылым және өнертабыстар байқауы өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлемнің әр түкпірінен келген 1500 қатысушының ішінен Алматы қаласының оқушылары үздік ондыққа еніп, алтын және қола медальдарға ие болды.

Атап айтқанда, №176 мектеп-гимназияның 8 сынып оқушысы Құттығалиева Адия алтын медаль жеңіп алса, №12 мамандандырылған гимназияның 11 сынып оқушылары Ерден Айша мен Бақытжан Томирис қола медальға ие болды.

Байқаудың мақсаты – ғылымды тереңінен насихаттау, соның ішінде шетелдердің ғылыми тәжірибесін тарату, сондай-ақ жастарды инновациялық қызметке тарту, жасөспірімдердің, ғылыми зерттеу дағдылары мен жаңашылдық рухын дамыту.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қызылордада Ұлттық Ғылым академиясының көшпелі отырысы өтті
06.05.2026ж. 22:17

Қызылордада Ұлттық Ғылым академиясының көшпелі отырысы өтті

Кейінгі үш жылда ғылымды дамытуға 4 млрд. теңгеге жуық қаражат бағытталды
Қазіргі дамыған заманда ғалымдар қазақ тілін дамыту үшін қандай еңбектер атқарып жатыр?
Оның айтуынша, мұндай модель Қазақстанда бұрын да қолданылған және өзінің тиімділігін дәлелдей алмаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →