×

Орал қалалық сотының төрағасы қамауға алынды

БАҚ-та тараған ақпаратқа сәйкес, судья мен екі адвокат пара алды деген күдікпен ұсталған

Орал қалалық сотының төрағасы қамауға алынды
Фото: zko.sud.kz

Орал қалалық сотының төрағасы 10 тәулікке қамауға алынды. Астана қаласының тергеу сотында санкцияны қолдану туралы өтініш қаралды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Елордалық соттың баспасөз қызметі мәліметінше, 2024 жылғы 6 қарашада сотқа аға тергеушіден Руслан Жұмағұловқа қатысты 10 тәулікке қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат түскен. 

"Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен күдікті Жұмағұловқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат қанағаттандырылды", - делінген сот хабарламасында. 

Сондай-ақ сот тергеу сотына адвокаттарға қатысты материалдар келмегенін айтты. 

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланған жоқ. 

Еске салайық, 5 қазанда Орал қалалық сотының төрағасы Руслан Жұмағұловтың қамауға алынғаны белгілі болды. 

БАҚ-та тараған ақпаратқа сәйкес, судья мен екі адвокат пара алды деген күдікпен ұсталған. 1,5 миллион теңге сотталған азаматқа қатысты оң шешім шығаруға берілген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Өскеменде полицейлер ағыс алып кеткен әйел мен баланы құтқарып қалды
Кеше, 23:20

Өскеменде полицейлер ағыс алып кеткен әйел мен баланы құтқарып қалды

Дабыл туралы ақпаратқа жедел әрекет еткен кезекші көмекшісі полиция сержанты Олжас Оразов болды.
Түрксіб аудандық сотында ер адамға қатысты сот үкімі оқылды.
Ол оң қолын, яғни сіңірін жыртып жібергенін айтып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →