×

Шығыс Қазақстанда қар құрсауында қалған ауылдардың малына қырылу қаупі төніп тұр

Таяуда Күршім ауданында төтенше жағдай жарияланған

Шығыс Қазақстанда қар құрсауында қалған ауылдардың малына қырылу қаупі төніп тұр
Ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында бірнеше ауыл қалың қардың астында қалды. Марқакөл өңірі жақта тұрғындар мал қырылып қала ма деп қауіптенеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Таяуда Күршім ауданында төтенше жағдай жарияланған. Кейбір ауылда екі метрге дейін жауған қардың салдарынан жайылымда қыс бойы болатын жылқыларға азық табылмай қалды. 

Азаттық радиосының хабарлауынша, Күршім ауданында жол қатынасы он күннен бері қиындаған. Кеше Төсқайың ауылында инсульт алған 71 жастағы адамға облыстың бас реаниматологы мен фельдшері төтенше жағдай қызметкерлерінің жол талғамайтын көлігімен аттанғаны айтылған, бірақ жете алмаған. Бүгін облыс әкімдігі сырқатты облыс орталығына жеткізу үшін Өскеменнен тікұшақ шыққанын мәлімдеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, науқас ауыр дәрежеде ишемиялық инсульт алған.

«Қазіргі уақытта 24 арнайы техника жолды күреп жатыр. Алайда боран қиындық тудырып жатыр. Ауыл тұрғындарына азық-түлік пен дәрі-дәрмек тікұшақпен жіберілді" деп жазылған Шығыс Қазақстан әкімдігі таратқан ақпаратта.

Қалың қар онға тарта ауылды басып қалған. Халық "үй ауласына шыға алмай отырмыз, азық-түлік таусылуға жақын" деп дабыл қағады. Әлеуметтік желі қолданушылары тебіндегі аттардың омбы қардан шыға алмай жатқан видеосын жариялады. Кейбір ауыл адамдары "өрістегі жылқымыз аман ба, жоқ па, білмейміз" дейді. Әзірге мал шығыны туралы мәлімет жоқ.

7 қаңтардан бастап Күршім ауданында қарлы боран тоқтамай тұр. Кейбір жерлерде қардың қалыңдығы 1.8-2 метрге жеткен. Марқакөл және Төсқайың ауылдық округтерінің елді мекендері көлік қатынасынан ажыратылған.

Қардың түсу нормаларының асып кетуін және елді мекендерге көлік қатынасының болмауын ескере отырып, Күршім ауданының әкімдігі жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялады.

Күршім ауданына қажетті көмек көрсету үшін ШҚО ТЖ департаментінің жол талғамайтын техникасы келді.

«ТЖ қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірге 16 қаңтарда ауылдық округтердің тұрғындарына қажетті азық-түлік пен дәрілік заттарды жеткізу үшін тікұшақ жұмылдырды» деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →