×

Астанада 43 жастағы мұғалім оқушы қыздарға қырындаған: ол жұмыстан қуылды

Бұл оқиғаны оқушылардың ата-аналары әшкере қылған

Астанада 43 жастағы мұғалім оқушы қыздарға қырындаған: ол жұмыстан қуылды
Фото: рixabay

Астананың 32-ші гимназиясында 43 жастағы тарих пәнінің мұғалімі 7-сынып оқушыларына қырындады деп айыпталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мұғалім оқушы қыздарға кешкі сағат 21:00-ден кейін WhatsApp-та сезімдерін білдіріп хат жазған. Бұл оқиғаны оқушылардың ата-аналары әшкере қылған.

Ол мектепте 2024 жылдың 2 қыркүйегінен бастап жұмыс істеген. Тарих пәнінің мұғалімі сынақ мерзімінде болған.

Тәртіптік комиссияның шешімі бойынша педагог 30 қыркүйекте ҚР Еңбек кодексінің 14-тармағы 52-ші бабы аясында жұмыстан босатылған.

«Бүгінгі таңда қалалық полиция департаменті осы факті бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге ақпарат жария етілмейді»,- деп хабарлады Астана қаласы білім басқармасы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Орал қаласында қару сатқан күдікті ұсталды
Бүгін, 21:32

Орал қаласында қару сатқан күдікті ұсталды

Шағын калибрлі мылтықтан жасалған кесілген қарудың атуға жарамды екені белгілі болды
«Көрінеу жалған ақпарат тарату» айыбы бойынша ұсталған танымал заңгер әрі блогер Әділетхан Молдаханның ісін қоғам қызу талқылап жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →