×

Тәжікстанда тағы да жер сілкінді

Жер сілкінісі Алматы уақытымен 14:01-де тіркелді

Тәжікстанда тағы да жер сілкінді
inbusiness.kz

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы 23 ақпан күні Алматы уақытымен 14:01-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 606 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 11.0. MPV магнитудасы – 5.0. Тереңдігі – 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ.

Еске салсақ, бүгін Тәжікстанда болған 7 балдық жер сілкінісі Алматы мен Шымкентте сезілді. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →