×

Атыраудағы канал бетін толықтай балық өлексесі жапқан

Балықтар ауа жетпей қырылып жатқан болуы мүмкін

Атыраудағы канал бетін толықтай балық өлексесі жапқан
Сурет: Бейнеден кадр

Атырауда Бақсай каналында балық қырылып жатыр, деп хабарлайды  Qaz365.kz

Бұл туралы Атырау облысы әкімдігі балық қырылу фактісін растап, мәлімдеме жасады.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қарағанда, канал бетінде қайраңдап қалған балықтар ауа жетпей қырылып жатқанға ұқсайды.

"Қазіргі уақытта оқиға орнында Атырау облыстық Табиғи ресурстар басқармасы мен  Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мамандары жұмыс істеуде. Құтқару шаралары туралы қосымша хабарланатын болады", –  деп хабарлады Атырау облысы әкімдігінің ресми өкілі Руслан Жұмағазиев.

Бұған дейін былтырғы тасқыннан соң, Атырау облысы бойынша қайраңдап қалған 8 миллионға жуық шабақ құтқарылған екен.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ШҚО әкімі «Өз шырағыңды жақ» акциясына қатысты
09.05.2026ж. 23:22

ШҚО әкімі «Өз шырағыңды жақ» акциясына қатысты

Шырақтар жоғарыдан қарағанда жұлдыз бен 81 санын бейнеледі
Облыс әкімі көзі тірі соғыс ардагерлерінің шаңырағына арнайы барып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді
Қарудан оқ атылып, Отан қорғаушыларға құрмет көрсетілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →