×

Жетісуда облысында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

Ұйымдасқан қылмыскерлер тобын ұстау үшін арнайы операция жүргізілген

Жетісуда облысында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
Сурет: Бейнеден кадр

Жетісу облысында шетелдік азаматтар мен Қазақстан Республикасының азаматынан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеп отыр. Ұйымдасқан қылмыскерлер тобын ұстау үшін есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері арнайы операция жүргізген.

“Ұсталған топ мефедрон психотроптық затын өндіретін есірткі зертханасын басқарған. Анықталғандай, жазда шетелдік азамат Францияда жүрген кезінде туысына шетелде жұмысқа тұруға ұсыныс жасаған. Олар Қазақстанға келгеннен кейін жетекшілерінің бақылауымен есірткі зертханасын құрып, оның нұсқауы бойынша әрекет еткен. Қазақстан азаматы оларға қажетті құрал-жабдықтарды жеткізіп, есірткі жасырумен айналысқан. Ұстау кезінде олардан шамамен 6 кг мефедрон және арнайы құрал-жабдық тәркіленді”, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Қазір күдіктілер қамауға алынған. Қылмыстық схеманың басқа да қатысушыларын анықтап, жауапкершілікке тарту үшін тергеу амалдары жүргізілуде.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Еуроодақ Ресейге қарсы 19-шы санкциялар пакетін қарауды белгісіз мерзімге шегерді
Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинақтарын стоматологиялық қызметтерге төлеу үшін пайдалануды алып тастауды ұсынып отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →