×

Бірнеше өңірде жүйелі жұмыс жүргізген діни радикалдар ұсталды

Олардың тұрғылықты жерлерін тінту барысында заттай дәлелдемелер табылған

Бірнеше өңірде жүйелі жұмыс жүргізген діни радикалдар ұсталды
Сурет: Бейнеден кадр

Қазақстанның бірнеше өңірінде жүйелі жұмыс жүргізген діни радикал тобының мүшелері ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“2025 жылғы 17 ақпанда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен, полицияның көмегімен Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында діни радикалдар әрекетінің жолын кесті. Терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдікпен 4 қазақстандық ұсталды. Олардың тұрғылықты жерлерін тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді”, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Қазір күдіктілерге қатысты қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
675 миллион теңге көлемінде қаржы тартылған: Сайрам ауданындағы орталық саябақ жаңартылды
Кеше, 16:53

675 миллион теңге көлемінде қаржы тартылған: Сайрам ауданындағы орталық саябақ жаңартылды

Салтанатты шара 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай ұйымдастырылып, тұрғындарға ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →