×

Екібастұз тұрғындарының пәтерлері жылынар емес

Станса қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеуде

Екібастұз тұрғындарының пәтерлері жылынар емес
Ашық дереккөздерден

Тұрғындар жылу беретін батареяның суықтығына шағымдануда. Олар үй ішінде қалың киім киіп, жылытқыш қосып  жылынуға мәжбүр екендерін айтуда, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі orda.kz-ке сілтеме жасап.

«Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС 4 наурызда сағат 21.00-де стансадан шығатын (берілетін) желілік судың температурасы 9,2/2,0 кг/см2 қысымда 46 градус екенін хабарлады.

«Стансада төрт №6, 9, 14, 15 қазандық агрегаттары жұмыс істеп тұр, алдағы тәулікте тағы екі №5, 11 қазандық қондырғыларын іске қосу жоспарлануда, бұл температура көрсеткіштерін одан да жоғарылатып, 65 градусқа жеткізеді. Дүйсенбі күні жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін №12 қазандықты іске қосу жоспарлануда», - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Мекемеде станса қызметкерлерінің тәулік бойы жұмыс істейтінін баса айтты.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады
Бүгін, 09:10

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады

Бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі
Вранчевтің бұл сөзіне Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова қарсы шықты
Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →