×

Қазақстанда алаяқтық жасаған Түркия азаматы Черногорияда ұсталды

Ол 2022-2024 жылдар аралығында Қазақстандағы ЖШС-лердің бірінде директор қызметін атқарған

Қазақстанда алаяқтық жасаған Түркия азаматы Черногорияда ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Қазақстанда алаяқтық жасап, халықаралық іздеу жарияланған Түркия азаматы Черногорияда ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

 “Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Черногорияның Будва қаласында аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Түркия Республикасының азаматы ұсталды. 2022 жылдың қазан айынан 2024 жылдың маусымына дейін ер адам Қазақстандағы ЖШС-лердің бірінің директоры бола отырып, пайдакүнемдік ниетпен қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып, бірқатар алаяқтық әрекеттер жасаған”, – делінген полиция хабарламасында.

Ол басқа ЖШС-лерге тиесілі қаражат пен мүлiктi иемденген. Келтірілген жалпы шығын бес миллиард теңгеден асады.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматылықтардың коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асты
11.07.2025ж. 13:35

Алматылықтардың коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асты

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды
Санаулы сәттерден кейін Перизат Қайраттың соты басталады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →