×

Биыл «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша қанша пәтер беріледі

Бұл бағдарлама 2017 жылдан бастап жүзеге асып жатыр

Биыл «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша қанша пәтер беріледі
Ашық дереккөздерден

Биыл «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша 1100 пәтер беріледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Отбасы банк» АҚ Алматы филиалының директоры Данагүл Түсіпова мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

«2017 жылдан бастап қаламызда «Алматы жастары» жеңідетілген бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Ол барлық өңірлерде аймақтық бағдарламалардың іске қосылуына негіз болды. «Елорда жастары», «Алатау жастары» бағдарламалары бар. Мұнда әр аймақта несие беру шарттары әртүрлі. Мәселен, «Алматы жастары» бағдарламасы аясында білім, денсаулық сақтау, мәдениет, БАҚ, спорт, ғылыми-зерттеу институттары, құқық қорғау органдары сияқты жеті салада еңбек етіп жүрген 35 жасқа дейінгі жастарға несие беріледі», - деді спикер.

Данагүл Түсіпованың айтуынша, биыл бағдарламаға өзгерістер енгізілмек.

«Қазір әкімдіктің мақұлдауын күтіп отырмыз. Бағдарламаның басталғанын кейін хабарлаймыз. Біз 1100 азаматқа несие беруді жоспарлап отырмыз. Бағдарлама шарттарына келсек, бастапқы жарна – 10 пайыз, мөлшерлеме – 5 пайыз, несие сомасы былтырғыдай 18 млн теңге болуы мүмкін», – деп түсіндірді спикер.

Еске салайық, 2022 жылы «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасы аясында мың адамға ипотекалық несие беру үшін 18 млрд теңге бөлінген болатын.

Айта кетейік, «Алматы жастары» бағдарламасына қатысу үшін қалада тұрақты тіркелу міндетті емес.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мәскеудегі теракт: "Крокуста" 5 мыңнан астам адам болған
25.03.2024ж. 16:42

Мәскеудегі теракт: "Крокуста" 5 мыңнан астам адам болған

Соңғы мәліметтер бойынша, шабуылдан 137 адам қаза тапты
Ғылыми орталықтың қазіргі атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндалды
Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа баяндады  
Қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →