×

Бибісара Асаубаева Гран-придің 8-турында қытайлық шахматшымен тең түсті

Бүгін кешке Гран-придің 9-турдағы ойындары өтеді

Бибісара Асаубаева Гран-придің 8-турында қытайлық шахматшымен тең түсті
фото: ашық дереккөзден

Бибісара Асаубаева Гран-придің 8-турында қытайлық шахматшымен тең түсті, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасап. 

Делиде өтіп жатқан әйелдер арасындағы FIDE Гран-приінің 3-кезеңінде 8-тур ойындары аяқталды.

Мұнда көптің назарын аударған басты кездесу көш басында тұрған қазақстандық Бибісара Асаубаева мен қытайлық Жу Цзинер арасында болды. Ойында жеңімпаз анықталмай, тең аяқталды.

Қазір Бибісара 5 ұпаймен көш бастап келе жатыр. Ал қытайлық гроссмейстер 4½ ұпаймен 2-орында.

Бүгін кешке Гран-придің 9-турдағы ойындары өтеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →