×

Актриса Сторми Дэниелс Трампқа 600 мың доллардан астам қаржы төлеуі тиіс

2018 жылы Сторми Дэниэлс өзінің ар-ожданына нұқсан келтіргені үшін Дональд Трампты сотқа берді

Актриса Сторми Дэниелс Трампқа 600 мың доллардан астам қаржы төлеуі тиіс
Ашық дереккөздерден

Танымал актриса Сторми Дэниэлс Дональд Трампқа сот шығындары үшін 600 мың доллардан астам қаржы төлеуі тиіс, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі «Голос Америки» басылымына сілтеме жасап.

АҚШ-тың тоғызыншы округінің апелляциялық соты Сторми Дэниэлс деген бүркеншік атпен танымал, ересектерге арналған фильмдердің актрисасы Стефани Клиффордты Дональд Трампқа қосымша сот шығындарына жұмсаған 122 мың долларға жуық қаржысын төлеуге міндеттеді. Бұл жерде сейсенбі, 4 сәуір күні Нью-Йоркте өткен бұрынғы АҚШ Президентіне тағылған қылмыстық айыптаулармен байланысты емес азаматтық сот отырысы туралы сөз болып отыр.

2018 жылы Сторми Дэниэлс өзінің ар-ожданына нұқсан келтіргені үшін Дональд Трампты сотқа берген еді. Бұл Сторми Дэниэлстің 2011 жылы Лас-Вегастағы автотұрақта оған бір адамның қауіп төндіргені және оның экс-президентпен болуы мүмкін романтикалық байланыстары туралы айтпауды талап еткені туралы мәлімдемесін Трамптың "барып тұрған алаяқтық" деп атағанына байланысты болды. Сот Даниэлстің талабын қабылдамай, мұндай арыз жазуға құқық АҚШ Конституциясына бірінші түзету енгізумен кепілдендірілген дегенді алға тартты. Одан кейінгі апелляция да Даниэлстің пайдасына шешілмеді. Сот оны ол кезде екінші тараптың сот шығындарын шамамен 300 000 долларға жабуға міндеттеді.

Bloomberg есебінше, сот пен апелляциялық шағымдарды қоса алғанда Сторми Дэниэлс адвокаттардың шығындары үшін Трампқа 600 мың доллардан астам қаржы төлеуі тиіс.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →