×

Президент сайлауын 1000-ға жуық тәуелсіз бақылаушы қадағалайды

Ел бойынша 12 мыңнан астам сайлау учаскесі бар

Президент сайлауын 1000-ға жуық тәуелсіз бақылаушы қадағалайды
haq.kz

Алдағы президент сайлауын 1000-ға жуық тәуелсіз бақылаушы қадағалайды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі "HAQ" қоғамдық қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кезектен тыс өткелі отырған Президент сайлауында тәуелсіз бақылаушылар саяси науқанның ашық та әділ өтуіне ат салыспақшы. "HAQ" қоғамдық қорының атқарушы директоры Тоғжан Қожалы бүгін Астана қаласында белсенді, ерікті жастармен және қоғам белсенділерімен кездесіп, БАҚ өкілдеріне баспасөз мәслихатын өткізді.

"Бақылаушыларға талап қатаң. Ешқандай партияға мүше болмау керек, саяси интригалардан алыс, ешқандай саяси топтың мүддесін қолдамайтын адам бақылаушы болады. Сол арқылы сайлаудың барынша әділ әрі таза болуын қамтамасыз етеміз", – дейді ұйым мүшелері.

Аталған қор 20-қараша күні өтетін  кезектен тыс Президент сайлауына тәуелсіз бақылау жүргізетін бірден бір ұйым. Қор белсенділері мұндай жауапты жүкті биыл төртінші рет арқалап тұр. Тоғжан Қожалының айтуынша, мың шақты азамат еліміздің 11 аймағында сайлау учаскесінде саяси доданы бақылайды. 

"Тәуелсіз бақылау – демократиялық қоғам құру үшін керек.  Сайлауға тәуелсіз байқаушылар көптеп  қатысса, саяси науқан әділ өтеді. Ол үшін әр сайлау учаскесінде 2 байқаушы болу керек.  Ел бойынша 12 мыңнан астам сайлау учаскесі бар, сондықтан 20 мыңнан астам байқаушыны жұмылдыруымыз керек", – дейді Тоғжан Қожалы.  

Халық сайлаудың әділ өткеніне күмәнданбас үшін "HAQ" қоры бақылаушылардыөзі оқытады. Әр жерде солардан топтар мен штабтар құрып, сайлаудың соңына қарай халыққа, шетел елшіліктеріне, ОБСЕ-ге сайлау қалай өткені туралы есеп бермекші. 

Төменде еліміздің әр өңірінде қызмет ететін бақылаушылардың саны берілген:

1. Астана – 100 адам

2.Алматы – 200 адам

3. Шымкент – 200 адам

4. Ақтөбе – 150 адам

5. Қарағанды – 70

6-7. Алматы және Жетісу обл – 150 адам

8. Байқоныр – 2

9. Ақтау – 100

10. Павлодар – 5

11. Қостанай – 5

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365 редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →