×

Журналист Еренғайып Қуатайұлын Әбілязовтің митингісіне қатысы бар деп ұстаған

Заңсыз, еш себепсіз ішкі істер басқармасында бес сағатқа жуық ұстады

Журналист Еренғайып Қуатайұлын Әбілязовтің митингісіне қатысы бар деп ұстаған
Ашық дереккөздерден

 Журналист, соңғы кездері салауатты өмір салтын ұстанып, марафонға жүгіру, альпинизммен шұғылданып жүрген Еренғайып Қуатайұлын Астанадағы Кенесары ханның ескерткішінің түбінен ұстап әкеткен. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бүгін сағат 13:45-те Астанадағы Кенесары хан ескерткішінің жаңында танысымды күтіп орындықта отырғанмын. Біз осы жерде 13:30-да кездесетін болғанбыз. «Брат, мұнда отыруға болмайды!» деген дауысқа жалт  қарап, «неге отыруға болмайды?» дегенімше, бет-аузы тұмшаланған бес жігіт қойша жұлқылап көлікке бір-ақ тықты. Сарыарқа аудандық ішкі істер басқармасына алып келді», - дейді Еренғайып Қутайұлы.

Оның айтуынша, басқармада саусақ іздерін алып, фотоға түсірген. Сұрақ-жауап болған. Кенесары хан ескерткішіне нешеде не мақсатпен келген сұраған. 

«Таңертең Алматыдан ұшып келгенімді, Қарағандыға бара жатқанымды, 2 мамыр күні Қарағанды-Түркістан ультра марафонына қатысатынымды, жолай астаналық танысыма жолығып кету үшін осы жерге келгенімді айттым. «Сіз әлеуметтік желіден Мұхтар Әбілязовтің саяси үндеулерін тыңдайсыз ба?»  деген сұрақ қойылғанда мені мұнда не үшін алып келгендерін түсіндім», - дейді журналист.

Ол заңсыз, еш себепсіз ішкі істер басқармасында  4 сағат 40 минут ұстады деп отыр. 

«Жаңа Қазақстанға бір сұрақ: Сіздер қандай Қазақстан құрып жатырсыздар? 
Астана қалалық ішкі істер департаменті, мені не үшін бес сағатқа жуық ұстадыңыздар? Жауап күтемін!»
- деп жазды Еренғайып Қуатайұлы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады
Бүгін, 09:10

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады

Бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі
Вранчевтің бұл сөзіне Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова қарсы шықты
Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →