×

Алаяқтар мемлекеттен 800 миллион теңге субсидия алған

Тексерулер нәтижесінде фермерлерде таңқурай егістік алқаптары жоқ болып шықты

Алаяқтар мемлекеттен 800 миллион теңге субсидия алған
Ашық дереккөздерден

ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті шаруа қожалықтарының реквизиттері мен құжаттарын пайдалана отырып, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді орындамай, шот-фактуралар жазып берген бірқатар тұлғаға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

ҚМА мәліметінше, жалған шот-фактуралар субсидияланатын таңқурай түрлерін жеткізуге жазылып, кейін шаруа қожалықтарының атынан субсидиялар алуға электронды өтінімдер берілген.

"Тексерулер нәтижесінде фермерлерде таңқурай егістік алқаптары жоқ болып шықты. Бұл азаматтар мемлекеттен 800 миллион теңгеден аса сомаға субсидия алған. Алаяқтық деректері бойынша 4 қылмыстық іс тіркелген", - делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бишімбаев өз-өзіне екі рет қол салмақ болғанын мәлімдеді
Бүгін, 18:20

Бишімбаев өз-өзіне екі рет қол салмақ болғанын мәлімдеді

Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады
Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады
Судья Айжан Құлбаева Ғазымжановқа тиісті түрде әрекет етуге мәжбүр болатынын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →