×

Алматыда таксист шетел азаматынан 200 мыңдай теңге алған

Ол шетел азаматын әуежайдан Марков көшесіне жеткізіп салған

Алматыда таксист шетел азаматынан 200 мыңдай теңге алған
Vista Create

 Алматыда шетел азаматын әуежайдан Марков көшесіне дейін 400 еуроға жеткізген такси жүргізушісі жазаланды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

3 мамыр күні Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің кезекші бөліміне 30 жастағы Ресей Федерациясының азаматы арызданған.

Ол әуежайдан Марков көшесіне дейін 400 еуроға (шамамен 200 мың теңге) жеткізген такси жүргізушісіне шара қолдануды сұрады.

«Жедел-іздестіру шарасы барысында арызданушыны діттеген жеріне жеткізген «Мерседес-Бенц» көлігінің иесі 27 жастағы Алматы облысының тұрғыны ұсталды. Жауап алу кезінде ер адам өз кінәсін мойындап, азамат Кулаковқа ақшаны толығымен қайтарып берді», - деп хабарлады көліктегі полиция департаментінен.

Аталған факті бойынша құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

15 мамыр күні Алматы мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен оған 21 150 теңге айыппұл салынды.

Өз кезегінде азамат Кулаков көлік полициясы қызметкерлеріне алғысын айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістанда 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті
Кеше, 17:42

Түркістанда 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Жергілікті өнерпаздардың қатысуымен концерт ұйымдастырылды
Енді мемқызметшілердің жалақысы үш жылда бір өсіп отырады
Өңірде 5900-ден астам бейнебақылау камерасы жұмыс істейді, оның ішінде 300 камера бейнеаналитика жүйесімен жабдықталған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →